
ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
«Кәрі құда» ызғарлы қыс ығысып,Келді Наурыз киелі даламызға.Жаңарып, әсемденіп, бойын түзеп,Қалыпты көріктеніп қаламыз да.
ДОСТАРЫНА АРНАЛҒАН ӨЛЕҢДЕР

БЕСТӨБЕ САҒАН САҒЫНЫШ ЖЫРЫН АРНАЙМЫН…
(Шамасы, институт түлектерімен болған кездесуде керемет әсерге бөлене отырып, одан кейін мектеп кезін, сыныптастарын еске алған сәтте Мұраттың қаламынан осындай бір керемет өлең жолдары туса керек)
Бестөбе десем – елес боп тұрар алыстан,Үміт пен арман егіз ғой бірге жарысқан.Ақша бұлт алып Кереку жақтан барар ма?Сезімді ыстық жүректе бір кез табысқан.Бестөбе десем – ардақтар түсер есіме,Бестөбе десем – ата-анам кірер түсіме.Бестөбе сені аңсаймын жүріп шалғайда,Амалым бар ма көнбеске жазған ісіне.Үйілген тастар шоғыры биік қабысқан,Төбесі тау боп көрінуші еді алыстан.Сілеті өзен – кенішке жақын айдында,Достармен бірге әріге жүзіп жарысқан.Кез еді албырт күш-қуат бойды билеген,Арулар бар-ды «қаласаң мені сүй» деген.Мектептен кейін шахтада бастап еңбекті,Жұмысшы болып, кәсібін кенші игергем.Сағымдай сырғып, алыстап кетті армандар,Тұңғиық терең сырларға толы сол маңдар.Қопарып тасын, тереңнен қазып кенішін,Тауыса алған алтынын бір кез адамдар.Конец ознакомительного фрагмента.
Текст предоставлен ООО «ЛитРес».
Прочитайте эту книгу целиком, купив полную легальную версию на ЛитРес.
Безопасно оплатить книгу можно банковской картой Visa, MasterCard, Maestro, со счета мобильного телефона, с платежного терминала, в салоне МТС или Связной, через PayPal, WebMoney, Яндекс.Деньги, QIWI Кошелек, бонусными картами или другим удобным Вам способом.
Вы ознакомились с фрагментом книги.
Для бесплатного чтения открыта только часть текста.
Приобретайте полный текст книги у нашего партнера:
Всего 10 форматов