Книга Дерт - читать онлайн бесплатно, автор Бақыт Мәдімкызы
bannerbanner
Вы не авторизовались
Войти
Зарегистрироваться
Дерт
Дерт
Добавить В библиотекуАвторизуйтесь, чтобы добавить
Оценить:

Рейтинг: 0

Добавить отзывДобавить цитату

Дерт

Дерт


Бақыт Мәдімкызы

© Бақыт Мәдімкызы, 2018


ISBN 978-5-4490-2669-9

Создано в интеллектуальной издательской системе Ridero

Д Е Р Т

1997 жылдың күз айында Қанабек Байсеитов атындағы музыкалық колледжде дәріс бе – ріп жүрген Бақыт тәте ертемен үйінен шығып автобус аялдамасына келді. Аялдамада көлік күтіп тұрғандар баршылық екен. Номер сегізінші автобус келгенде мұнда тұрғандардың көпшілігі көлікке қарай лап берді. Әйтіп-бүйтіп көпшіліктің екпінімен Бақыт тәте де автобусқа ілінді-ау, әйтеуір. Колледж қаланың орталығында орналасқан еді. Мұнда ол кісі қазақ топтарына – сольфеджио, музыкалық сауатының негізі, гармония, музыкалық әдебиет пәндерінен қазақ тілінде дәріс беретін. Еліміз егеменді болып тәуелсіздік ел болғаннан кейін жоғарғы және орта оқу орындарында қазақ тілінде оқытатын топтар ашыла бастаған еді. Қазақ орта мектептерін бітіріп келген балаларға бұл өте тиімді болды. Жергілікті балалар әрине орыс тілін біледі. Ал ауылдан келген балаларға, әсіресе Монғолия мен Қытай елдерінен көшіп келген кісілердің балаларына орыс тілінде оқу қиынға соғады. Сондықтан қазақ топтары ашылғаны қуантатын жағдай болып табылады.

Сонымен, Бақыт тәте кабинетке кірді. Оқушы студенттер әлі жиналып бола қоймапты. Ол кісі сағатына қараса сабақтың басталуына әлі біраз уақыт бар екен. Балалармен амандасып, ананы-мынаны сөйлесіп отырғанда бір қыз оқытушысына қарап:

– Апай, бүгін Айгүлдің туған күні!

– А… жақсы екен, құттықтаймын! Денсаулығың мықты болып, деген арманыңа жет айналайын! – Осыдан кейін бір қызды қасына шақырып, – Нұргүл, мына ақшаны алып, жақын маңдағы дүкеннен кәмпит алып келе ғой, – деп құлағына сыбырлады.

Нұргүл түрлі-түсті фантиктерге әдемілеп ораған тәттілерді алып келіп апайына берді.

– Рахмет Нұргүл, сабағымызды бастайтын уақыт болыпты, орындарыңа отырыңдар. Алдымен балалар, Айгүл деген домбырашы қызымызды туған күнімен құттықтап қояйық та мына тәттілерден ала отырайық, – деп, Бақыт тәте Нұргүл әкелген жаңағы кәмпиттерді столдың үстіне бетін ашып қойып қойды. Оқушы студенттердің бәрі мәз болып тәттілерін ала бергенде Нұрлан деген сырнайшы бала есікті тоқылдатып, «кіруге рұқсат па?» деп кіріп келді.

– А, Нұрлан, неге кешігіп келдің? Орныңа отыра ғой, бұдан былай кешікпе, – деп апайы Нұрланға қарап жымиды. Столдың үстіндегі тәттілерді көріп Нұрлан:

– Бұл ненің құрметіне? – деп қалды апайына қулана қарап. Отырған балалардың бәрі күліп жіберді.

– Айгүл қызымыздың бүгін туған күні екен, құттықтап қой, қу бала, – деп апайы бұл балаға сүйсіне қарап жымиды.

Бұл топтағы балалар «Қазақ халық аспаптар бөлімінде» оқиды. Мұнда – домбыра, қобыз, сырнай, саз сырнай, сыбызғы, жетіген сияқты аспаптарда ойнап үйренеді. Сонымен бірге оқушылар музыкалық теория пәндерін бірге алып жүреді. Теория пәндеріне – сольфеджио, музыка теориясы, музыкалық әдебиеттер (Шетел музыка әдебиеті, Орыс музыка әдебиеті, Қазақ музыка әдебиеті және Кеңес дәүірінің музыка әдебиеті), гармония, полифония кіреді. Бұл пәндерді толық меңгерген оқушы ертең жақсы маман иесі болып шығады. Бақыт тәтенің алдында дәріс алып отырған оқушылар екінші курс студенттері. Сольфеджио пәні төрт жыл бойы, яғни оқу аяқталғанша созылады, ал басқа пәндердің өзінің оқу мерзімдері бар. Мысалы, музыка теориясын бірінші курста, гармонияны екінші курстан бастап оқиды. Бүгін оқушылар Гармония пәнінен дәріс алып отыр.

– Балалар, есімізге түсірейік, гармония деген ұғым нені білдіреді!? – деп оқытушы

оқушыларға қарады. – Кәне, Нұрлан, сен айта ғой.

– Гармония деген сөз – үйлесімділік – деген мағнаны білдіреді. Мысалы, бір дауысқа жазылған әнді екі, үш, төрт дауысқа салып, дыбыстарды үйлестіру арқылы айтуға болады. Немесе, бір дауыста берілген әнге сүйемелдеу партиясын жазып шығаруға болады.

– Жарайсың Нұрлан, отыра ғой. Ал енді мына бір дауыста берілген әуенді, Мәншүк қызым, тақтаға шығып жаза ғой, – деді де апайлары балаларға қарап, – ал сендер мына әуеннің тональдығын, оның құрамын және қай үндестіктен басталып қай үндестікке аяқталатынын анықтаңдар, – деп Бақыт тәте тақтаға қарады.

Балалар тақтадағы әуенді дәптерлеріне жазып алды да талдай бастады.

– Ал Мәншүк, бұл әуенді өзің талдап шық.

– Бұл әуен ре мажор тональдғында жазылған. Кілт қасында екі диез белгілері бар – фа-диез және до-диез. Әуен негізгі ре дыбысынан басталып, сол негізгі дыбысқа аяқталады.

– Негізгі дыбысты не деп атаймыз және қандай әріппен белгілейміз? – деп оқытушы балаларға қарады да, – сен айта ғой Қайрат, – деді.

– Бұл дыбысты, бұл дыбысты… – деп Қайрат күмілжіп, басын сипап тұрып қалды.

– Сен сабақты көп жібересің, оның себебі неде? – Апайлары Қайратқа қарап қатулы түрде үн қатты.

– Апай, ол ақша төлеп оқиды, сондықтан, ақша төлесем болды, диплом аламын деп ойлайды, – деді жанында отырған Дәулет.

– Қанша пұл төлесеңде, маған десең миллион төле, эмтиханды тапсыра алмасаң саған ешкім диплом бермейді балам! Ертең жақсы маман боламын десең, оқу оқы, білмеген, түсінбеген жеріңді сұра. Үндестіктер туралы тақырыпты біз бірінші курста, теория пәнінде өткенбіз. Ұмытпасам, былтыр да саған ескерткен тәрізді едім, солай ма!?

– Ия апай, түсіндім, – деп Қайрат орнына отырып, ұялғандай болып төмен қарады.

– Апай, мен айтайыншы!

– Айта ғой Қаракөз, негізгі дыбысты қалай атаймыз!?

– Тоника дейміз және ол «Т» әрібімен белгіленеді немесе бірінші сатының белгісін қоямыз – І – рим санының белгісі.

– Енді осы әуеннің сольфеджиосын әндетіп, бәріміз қосылып айтып шығайық, – деп апайлары пианиноның қасындағы орындыққа отырып, әуеннің тоникалық үшдыбыстылығын ойнап, оқушылармен бірге айтты да «ре мажор» тональдығының дыбыс қатарын төменнен жоғарыға және жоғарыдан төмен айтқызды. – Енді әр дыбыстың астына үндестік белгілерін қойыңдар да үйлестіріп, осы әуеннің екінші, үшінші, төртінші дауыстарын жазып көрсетіңдер.

Бақыт тәте оқушыларға тапсырманы берді де өзінің қара терге түсіп отығанын байқады.

Кейінгі кезде бойында әлсіздік пайда болғанын да сезініп, оған сонша мән бермеп еді. Ол

қалта орамалын алып маңдайын сүртті де орамалды кеудешесінің жағасының астына бүктеп салып қойды. «Маған не болды екен?» деп ойлап, тақтаға қарады да:

– Балалар, Мәншүк үндестіктерді дұрыс үйлестіріп жазды ма?

– Апай, мен айтайыншы! – деп Мөлдір орнынан тұрды.

– Ал тыңдайық, айта ғой!

– Бұл әуен бір сөйлемнен, екі фразадан құрылады. Әр фраза төрт тактыдан тұрады. Мәншүк бірінші фразаны тоникамен аяқтады, ал ол дыбыс тоника да, доминанта да бола

алады. Мен ол жерге доминантаны қояр едім. Дұрыс па, апай?

– Ия, дұрыс айтасың Мөлдір, – деп оқытушылары риза болды жаңағы қызға. Одан кйін балаларға қарап, – Кім айтады, неге бірінші фразаны доминанта үндестігімен аяқтаған дұрыс?

– Мен айтайыншы, – деп, Мақсат орнынан тұрды.

– Бәріміз тыңдап отырмыз, сонымен, неге? – деп, апайы сумкасынан тағы бір қол орамалын алды да маңдайын сүртті. Ол кісі өзін жайсыз сезініп отыр еді.

– Өйткені, бірінші фразаны доминантамен аяқтаса, ол әуеннің жалғасы бар деген сөз, сонымен бірге әуеннің үйлесімділік үні баи түседі. Ал әуеннің соңы тоникалық үндестікпен аяқталады да оның аяқталғанын білдіріп тұрады.

Міне, осылайша сабақ өтіп жатты. Алдынғы қатарда отырған Гүлнұр мен Назгүл апайларының өзін сонша жақсы сезініп отырмағанын байқаған еді. Олар апайларына бір түрлі жанашырлық таныта қарады. Олар «апайға суық тиіп қалған сияқты ғой» деп ойлады.

– Балалар, бірінші курста теория курсын өтіп эмтиханды бәрің ойдағыдай жақсы тапсырдыңдар. Мамандықтарың бойынша эмтихан алған мұғалімдерің маған «қазақтың балалары үшін қазақ топтары ашылғаны қандай жақсы болды» деп, сендерді мақтады. Мен де сендер үшін қуанып қалдым, жақсы болған екен. Енді міне, «Гармония» пәнін аса зейін салып оқысаңдар өздерің үшін өте жақсы болады. Менің былай деп айтып отырғаным, кейін өз жандарыңнан әуен шығаратын боларсыңдар. Сонда дыбыстарды үйлестіру арқылы сол әуенге сүйемелдеу партиясын жазып шығара аласыңдар. Сондықтан бұл пәнді жақсы меңгеріп алғандарың өздеріңе жақсы болады.

– Апай, сіз өз жаныңыздан музыка шығардыңыз ба? – деп, Нұрлан қулана қарады оқытушысына.

– Әрине, мен Қарағанды қаласындағы музыкалық училищеде оқыдым. Сонда оқып жүргенімде музыка шығаруға тырысатынмын. Бірақ ол жазғандарымды біреуге көрсетуге ұялатын едім. Бірақ, сонда да болса мемлекеттік эмтиханға өз шығармаммен шықтым. Ол шығармам «Жас бала» деп аталады. Асқар Лекеровтың өлеңіне жазылған төрт дауысты хор а капелла болды. А капелла – деп, аспаптық сүйемелдеуінсіз орындалатын шығарманы айтады. Әрине, басқа да шығарғандарым бар. Оны өздерің «Музыка сауатының негізі» және

Балалар музыка мектебіне арналған «Сольфеджио» оқу құралының музыкалық мысалдарына берілген жаттығуларынан байқаған шығарсыңдар. – Апайлары біраз үндемей отырды да, – мына есепті жақсы шығардыңдар, енді тағы бір есеп шығарайық.

– Айдын, сен шыға ғой. Мына бас дауысына берілген әуенді тақтаға жаз. Осы есепті шығарыңдар содан соң жаңа тақырыпқа көшеміз. Бас дауысы дегеніміз ең төменгі дауыс. Бұл дауыста берілген дыбыстарды үндестіре отырып біз нені анықтап шығарамыз?

– Негізгі, сопрано партиясын шығарамыз, – деп, балалар жамырай жауап берді.

Берілген музыкалық есепті бәрі жабылып шығарып болған соң апай жаңа тақырыпты түсіндіре бастады.

– Жатаханада тұратындардың жағдайлары қалай? Қарындарың ашқан жоқ па? – деп Бақыт тәте үзіліс кезінде балалардан сұрады.

– Ой, апай, газ жоқ, свет жоқ, тамақты әйтіп-бүйтіп далаға пісіреміз, – деді пысықтау келген Айгүл. – Далада жатқан үш-төрт кірпішті қалап, соның үстіне кастрюляны қойып астына от жағамыз. Басқа амал жоқ.

– Ойбу… қарақтарым-ай ә… бұл қиындықтардан да құтылармыз, шыдаңдар. Қандай жағдай болса да қарындарыңды ашырмаңдар, денсаулық деген зор байлық.

Бақыт тәте жұмыстан шығып, автобус аялдамасына қарай бет алды. «Осы маған не болды? Қара терге түсіп, бойымды әлсіздік билегендей болып көрінеді. Дәрігерге барып қаралуым керек шығар,» – деп ойлай берді. Ол кісі осылайша ойлап көлік аялдамасына жетті. Осы жерде осы кісі туралы айтып кеткеніміз жөн болар. Осыдан үш жыл бұрын күйеуі Кәдірхан Бәкейұлы мезгілсіз қайтыс болды. Ол кезде елімізде қиын-қыстаң заман басталып еді. 1986жылы Еліміздің Бас секретары болған М.С.Гарбачевтың жүргізген «Қайта құру» саясаты жүргізіліп, кеңінен құлаш жайды. Қазақ мемлекетінің Бас секретары ауыстырылып ел ішінде наразылық туды. Соның нәтижесінде мемлекетіміздің астанасы Алматы қаласының студент жастары, қазағымның ұл-қыздары бейбіт шеруін құрып алаңға шықты. Өкінішке орай бұл шеру бейбіт шеруі болмай қантөгіске айналып, талай жастарымыз қаза болды. Мұндай қозғалыстар мемлекетіміздің басқа қалаларында да өтіп өз қолдаушыларын тапты. Осы тарихи, мәні зор оқиғаның нәтижесі Кеңестер Одағына кіретін мемлекеттерді өз алдына, тәуелсіз мемлекет құруларына мүмкіндік тудырды.

Сонымен, 1991 жылы Қазақстан тәуелсіз мемлекет болып жарияланды. Оған бәріміз қуандық, бізбен бірге бүкіл әлемде тұратын қазақ халқы қуанды. Бірақ, әр бастаманың өз қиындықтары да болады ғой. Елімізде нарықтық экономика басталды. Ол жылдары Кәдірхан ағаның отбасы Талдықорған орман шаруашылығына қарасты үйде тұратын. Орман Шаруашы —

лығының кеңсесі Ардагерлер сая жайында, қаланың сыртына қарай орналасқан. Бұл кісілер көшіп келгенде мұнда төрт-ақ отбасы тұратын, кейіннен тұрғын үйлер салынып, шағын ауылға айналды. Осы тоқсаныншы жылдардан бастап завод, фабрикалар жабылып талай ел жұмыссыз қалды. Соның нәтижесінде, бала-шағасын асырау үшін талай ел сауда-саттықпен айналыса бастады.

Тоқсаныншы жылдардың аяғына қарай білім мен медицина пұл-ақылы бола бастады. Тіптен ақшасы жоқтар дұрыс ем алудан қалды. Кейбір ауыруханаларда соқыр ішек ұстамасымен келген ауыруды «ақша төлемесең ота жасамаймыз» деп, көмек көрсетпей жатқызып қоятын жағдайларды да естідік. Бұл деген сұмдық емес пе? Дәрігер Гиппократтың антын беріп тұрып, осындай іс-әрекетке баруға болмайды ғой. Мұндай дәрігерді дәрігер деп санауға бола ма? Әрине, жоқ. Дәрігер деген алдына келген өзінің қас жауынан бас тартпай емдеуі міндетті. Ал білім жағына келетін болсақ, көңілге қонбайтын жағдайлар жетіп артылады. Мысалы, тест тапсырып жоғары бал алғандар грантқа ілініп пұл-ақысыз оқиды. Ал грантқа ілінбегендер, әрине әке-шешесінің тапқан-таянғандарын төлеп оқиды. Мұнда, оқушы балаларды екі топқа бөлүге болады. Адал, ой-өрісі кең балалар оқуларын жақсы оқып, ата-аналарының еңбектерін ақтайды. Ал кей балалар оқу оқымай, көше қыдырып, эмтихан кезінде зачет кітапшаларының арасына екі мың, бес мыңды салып тиісті бағаларын алып, курстан курсқа өтіп отырады. Өкінішке орай мұндай жағдайлар кездесіп тұрады. Осының нәтижесінде мынындай ой туады, – мұндай оқушылардан қандай маман шығады? Және, пұл-ақылы оқу мұғалімді де, дәрігерді де өздерінің тікелей міндеттерінен айырды ма деп қорқамын. Келешекте бұл жағдайдың бәрі өз арнасына түседі деп үміттенемін.

Қымбатты оқырманым, ғафу өтінемін, ойым бөлініп кеткен тәрізді. Сонымен, Бақыт тәте өзін соншалықты жақсы сезінбесе де Музыкалық колледжде дәріс беріп жүре берді. Оқу жылының басына қарай мектеп мұғалімдері медициналық сараптамадан өтеді. Ал тәтеміз №3 мектеп интернатта да музыкадан дәріс беретін еді. Бұл мектепте қазақтың дарынды балалары үшін музыка бөлімі мен бейнелеу бөлімі ашылған. Музыка бөлімінде фортепиано, домбыра, қобыз, бас қобыз, прима, сырнай класстары жұмыс істейді. Бақыт тәте мұнда теориялық пәндерінен дәріс береді. Осы қазақ мектебіне ең алғаш келгенінде ол кісі балаларға былай деген еді:

– Балалар, мен орыс мектебін бітіріп, училищеде де, институтта да орыс тілінде оқыдым.

Кейін жұмыс істегенде де орыс ұжымында қызмет атқардым. Сондықтан, дәріс беріп тұрып бір жерлерінде қателік жіберетін болсам сендер күлмеңдер, керісінше, мені түзетіп отырыңдар.

Оқушы балалар апайларының бұл ұсынысын түсіністікпен, үндемей қабылдады.

Сонымен, сараптаманы тапсырғаннан кейін дәрігер бұл кісіге «сіз тубдиспансерге барып рентгенге түсуіңіз керек, өйткені мына флюрографияңыз түсініксіздеу болып тұр» дейді. Жарайды деп, Бақыт тәте тубдиспансерден медициналық тексерістен өтеді.

– Сізге суық тиіп, тымауратып ауырдыңыз ба? – деп дәрігер әйел сұрады.

– Ия, ауырдым. 94 жылдан бастап орман шаруашылығының орталық қазаны тұрғын үйлерге жылу беруді қойды. Ал біз сол шаруашылықтың үйінде тұрамыз. Үйге біресе Құрмет қайным келіп, біресе Сәбит інім келіп пеш салып, он тоннадан көмір жақсақ та үйіміз бір жылынбады. Сонымен, екі қысты тастай суық үйде өткіздік. Содан денсаулығыма зиян тиген шығар, – деп, Бақыт тәте дәрігерге жағдайын айтты.

– Қазір де сол үйде тұрасыздар ма? – дәрігер ол кісіге таңырқана қарады.

– Жоқ, Аймен әпкемнің ұлы Серіктің көмегімен қаланың орталығынан үш бөлмелі пәтер алдық. Ал өз үйімізді інім Нұрғазыға сыйға тарттық.

– Қазір қорқатын ештеме жоқ, бірақ ем қабылдау керек. Сізге дәрілердің тізімін жазып беремін, соларды қабылдап, кейін тексерілуге келесіз. Мына қабылдайтын дәрілер мықты антибиотиктер. Тез жазылып кетесіз, – деді дәрігер дәрілердің тізімі жазылған қағазды беріп

отырып.

– Сонда мен балалармен жұмыс істеуіме болмайды ғой? – деп, Бақыт тәтенің көздері бақырайып дәрігерге қарады.

– Жоқ, қорқпаңыз. Егер емделмесеңіз, дертіңіз асқынып кетуі мумкін. Сіз дер кезінде келдіңіз. Ересек балалармен жұмысыңызды жалғастыра беріңіз, еш уайымдамаңыз, бәрі жақсы болады.

– Жарайды, рахмет, – деп тәте дәрігердің кабинетінен шығып кетті.

Дертке шалдыққан адам үшін дәрігердің сөзі заң ғой. Сонымен, Бақыт тәте, дәрігер жазып берген дәрілерін үзбей қабылдап жүрді. Бірақ оның денсаулығы күннен күнге түзелер емес. Басына түскен мына жағдайға қарамастан ол кісі сабағын беріп жүре берді. Оқу орындарында қазақтың ана тілінде оқитын балалары үшін топтар ашылса да, қазақ тілінде жазылған бірде бір оқулықтар мен оқу құралдары болмады. Сондықтан, музыканың теориялық пәндеріне арналған оқулықтар мен оқу құралдарын қазақ тіліне аударып, Бақыт тәте өз дәрістерін ойдағыдай жүргізіп жүрді. Қазақ мектебін бітіріп келген балалар үшін бұл әрине тиімді болды. Мұнда, музыканың теориялық пәндеріне – музыка сауатының негізі, музыка теориясының негізі, гармония, полифония, музыка әдебиеттері (қазақ, шетел, орыс және кеңес дәуірінің әдебиеттері) жатады деп, жоғарыда айтып өткенмін. Былтырғы жылы, яғни 1996 жылы Бақыт тәтенің «Музыка сауатының негізі» атты оқу құралы баспадан шығып жарық көрді. Бұл Фридкиннің «Музыкальная грамота» оқу құралының аудармасы болып табылады. Мұнда ол кісі өз жанынан қажет деп санаған он тақырып енгізді, сонымен бірге, музыкалық жаттығуларына берілген мысалдарға қазақтың композиторларының шығармаларынан, қазақтың халық әндерінен және өз жанынан шығарған әндерін енгізді. Және бұл оқу құралы Құрманғазы атындағы консерваторияның ғылыми кеңесінің талқысынан өтіп, баспадан шығып жарық көрді. Бұл еңбек балалар музыка мектебінің, музыкалық колледждың, педагогикалық институтының музыка факультетінің және консерваторияның қазақ топтарында оқитын балаларға оқу құралы ретінде ұсынылды. Осы «Музыка сауатының негізі» – мен бірге Балалар музыка мектебінің 1 – 2 сыныптарының қазақ топтарында оқитын оқушыларға арналған «Сольфеджио» оқу құралы да жарық көрді. Мұнда, ол кісі қазақтың композиторларының шығармаларын, қазақтың халық әндерін және әлем музыкасын тиімді қолданана білді. Сонымен бірге, С. Елеманованың «Қазақ музыка әдебиеті» – нің бірінші бөлімі мен Ұ. Жұмақова және А. Кетегенованың «Қазақ музыка әдебиеті» – нің екінші бөлімін, сондай-ақ, оқу бағдарламасының талабына сай И. Дубовский бастаған бірнеше ғалымдардың «Гармония» атты оқулығын қазақ тіліне аудара бастаған еді. Өйткені, осы пәндерден дәріс беру үшін өтетін тақырыптарды орыс тілінен қазақ тіліне аударып, қарапайым жатық тілде оқушыларға түсіндіру қажет.

Сонымен, уақыт өтіп жатты, Бақыт тәтенің денсаулығы түзелер емес. Ел ішінде мынандай сөз бар «еврей халқы – аурамын-ау – деп дәрігерге барады екен, орыс халқы, жөтеліп қалса дәрігерге қаралады екен, ал біз, яғни қазақ халқы ұшып-жығылғанда ғана өліп-талып дәрігердің алдына барады екенбіз». Бұл әрине, бекер айтылмаған. Келе-келе Бақыт тәтеміз дәріс беріп отырып орнынан әзер тұратын жағдайға жетті. Бұл кезең 1997 жылдың

Конец ознакомительного фрагмента.

Текст предоставлен ООО «ЛитРес».

Прочитайте эту книгу целиком, купив полную легальную версию на ЛитРес.

Безопасно оплатить книгу можно банковской картой Visa, MasterCard, Maestro, со счета мобильного телефона, с платежного терминала, в салоне МТС или Связной, через PayPal, WebMoney, Яндекс.Деньги, QIWI Кошелек, бонусными картами или другим удобным Вам способом.

Вы ознакомились с фрагментом книги.

Для бесплатного чтения открыта только часть текста.

Приобретайте полный текст книги у нашего партнера:

Полная версия книги