Книга Жалған - читать онлайн бесплатно, автор Жанна Ермековна Курмангалеева. Cтраница 2
bannerbanner
Вы не авторизовались
Войти
Зарегистрироваться
Жалған
Жалған
Добавить В библиотекуАвторизуйтесь, чтобы добавить
Оценить:

Рейтинг: 0

Добавить отзывДобавить цитату

Жалған

Толқын жылқыны бүйріне өкшесімен сәл итерді. Бүркіт адуынды жүгіре жөнелді. Жел қыздың бұрымдармен ойнап жүрді. Қуаныштан құйрығын аздап көтере салып, мойнында жаңа адамның ерке қолын сезіп, жылқы шабысын қайта-қайта жеделдетті. Желпілдек жал сіңліннің бетін жаба салды, бірақ Жұлдыз бәрінің жақсы екенін сезіп тұрды. Айналып жүріп, қарқынын кеміп кетпей, пысқырып та шанды көтеріп, Бүркіт пен салт атты оның қасында тоқталып қалды. Желден қызарып кеткен сіңлі күлімсіреді.

– Қалай?

– Күшті ғой! – Толқын жылқыны Жұлдыздың қасында жүруге жіберді.

– Енді түсінесің бе? Бұл… еркі бұл жерден басқа ешқайда жоқ. – Көзін жұмып, Жұлдыз аз уақытқа Толқын туралы ұмытып кетті. – Мен бұны мені жек көретін ауылдағы өмірге айырбаса алмаймын. Түсінесің бе? – сіңлінің көзіне өтінішпен қарап, қайта сұрады Жұлдыз.

– Мен бұны әркашан түсінетін болдым. Бір де айтқан сөзім бар ма?

Толқынның бетінен көңілді сәулесі ғайып болды, ол ойға шомып көзін сығырайтты. Дегені рас, айтқан жоқ. Мүмкін, Толқын болмаса Жұлдыз ауылды баяғыда тастап кетер еді екендігін түсінеді. Оның әпкесі ұялды. Жұлдыз Толқынның қиналып жалтақтағанын байқады.

– Бізден басқа мұнда ешкім жоқ екені есіңде ме?

– Иә…

Сіңлі зауықсыз көзін Бүркіттің шоқтығына түсірді.

– Мен саған бұны айтқан болғанмын, және тағы да қайталамын – мен анау түнде ешкімді көрген жоқпын. Сен елестеттің.

– Мүмкін солай.

Жұлдыз сіңліннің қорқынышын жоя алмайтынын түсінді. Бірнеше жыл бұрын Толқын оның бір аруақ туралы еске түсіреуінен азапталғанын мойындады. Әлі бөпе кезіндегі тұтқындар қаласынан қашуынан қалған жалғыз есінде сақтағаны. Бірақ Жұлдыз ана күні ешкімді көрген жоқ деп ант бере алады. Шынында айтқанда, аруақтар туралы ойлаған да жоқ. Бір кездессе де, тұтқындардың жауынгері емес болса бәрі жақсы. Бұл қорқыныш болмаса, Жұлдыз таулықтардан баяғыда көшіп, жеке тұрар еді.

– Толқын, біз Саткын екеуіміз кетеміз.

– Немене? – Толқын жылқыны баяулаттып, әпкеңе тесіле қарады.

– Таңда біз кетеміз.

– Жаңа ғана оралдыңдар ғой!

– Жедел жұмыс туды, бару керек. Әй, ол мен үшін емес қой!

Толқын, не айтқанын таба алмай, ренжіп ернін емерді да бұртия қалды. Жұлдыз еріксіз күлімсіреді. Дәл кішкентай кезіндей.

– Алғашқы қар түскен кезде ораламыз. Уәде беремін.

Толқын үндемей отыр.

– Мен саған әп-әдемі сырғалар әкеп беремін. Тілейсің бе? – Толқынды оған бұрылған арқасына нұқып, бітістіріп сұрады Жұлдыз.

– Олар маған керек жоқ.

– Қалай керек жоқ?! – Жұлдыз қолын соқты. – Азат Сырға салуда саған не кигіздіреді?

– Қалай… Сен мұны қайдан алдың? – Сіңлі Жұлдызды итеріп жіберді. – Ол маған бие басына мүйіздей керек.

Толқын күлкіні тыю үшін теріс бұрылды. Бір рет балалықта Жұлдыз сіңліне ол оның өтірік айтқанын қалай түсінеді деп “ұлы сырын” ашты – Толқын күлкісіз жалған сөйлей алмайды. Бұдан сіңлі әпкесінен өз шексіз оңбағандықтарды бүркемелеп, әрдайым бетін тығатын болды.

– Абайла.

– Неге? Сен бір уақыттары ғашық болдың ба, Жұлдыз?

– Болдым. Жақсы жігіт болды. Түс біткен кезде оның жоғалып кеткені қынжыларлық.

– Түу, Жұлдыз, қалжыңсыз сұрап отырмын ғой.

– Күлетін кім? Керісінше. Толқын, не дейтінімді тыңдашы. Сен ата-анашымыз туралы жиі сұра бердің, бірақ мен саған жауап берген жоқпын. Олай болса, қазір айтамын. Әкем келген кезден бұрын, анашымыз тіректер арасында туып өсті. Мен туғаннан соң, ол басқа әйелдерін алды да жақын арада анашымыз туралы ұмытып кетті. Сосын далабөрілерге тұтқындар шабуыл жасады. Анашымыздың ері бізді қорғауға шыққан жоқ… Анашымыз тұтқынға түсті. Оны сенің әкесіне олжа ретінде берді.

Толқын үндемей отырды. Жұлдыз оймен өзінді ұрсады. Өзінің ішінде соншалық жыл бойы өсетін ғадауат дәнін сіңліне не үшін таратты?

– Ол далабөріні сүйген ме білмеймін. Ол оны сүйетін болды ма білмеймін. Бірақ солай бола береді, анашымыз жалғыз-ақ болған жоқ. Ол сені өз үйіне шақырған кезде сенің отбасыңда солай болмағанына көзін толық жетсің.

– Мүмкін, ол мүлдем шақырмайды. – Толқын иығын жұлды.

– Көреміз.

Оралған кезде, жеті қараңғы түн болды. Бүркіт далаға шауып кетті, ал Толқын мен Жұлдыз екеулері түннің қалғанына ұйықтауға жатып қалды. Толқын балаша әпкеңе жабысты. Саткын келген жоқ.

Тарау III

Атқа мініп, Саткын жылтыр бүйірін өкшесімен итерді. Сапардың алдында ата-анасына соға кеткен жоқ. Әр күннен Саткынға олармен сөйлесуге көптен-көп қиын болып тұр. Жай, әрқашан кедей болып олар оның басқалардан жоғарылауға ұмтылысын түсінбейді. Өз әңгімелерімен папа энемен бірге оны артқа тартып жүрді. Ал өткен өмір артта, тек көмескі есті қалдыратын, өткенді әбден алып кететін желді күтуде қалу керек. Өз балалық борышын ол өтеді – кәрілікті қамтамасыз етті.

Жылдызды таң атуда, ол киіз үйден тыныш шыққан кезде кездесті. Далада, тау бөктердің қасында күтеді деп айтты. Жарайды, бола берсің. Саткын анданың, мүмкіндік болса, аилды тастап кетудің ұмтылысын түсінеді, әрине. Жұрт Жылдызды жақсы көрмейді, ол да оларға ұмтылмайды. Қасқыр қоймен бірге дос болмайтындай анда да адамдармен сыйыса алмайды. Ұрыспайды, төбелеспейді (ешқашан дерлік), сондай кұрметке төмен түспейді. Тәкаппар, тіпті менменшіл, бірбеткей. Сондайлар кісілерге ұнамайды.

Далаға шықты. Күн жаңа ғана көкжиектен қалқып шықты, алыс емес өзен өз көкшіл суын айдап әкетіп жүр. Жақынырақ келіп, шөпте жататын анданы көрді.

– Қайырлы таң, Жылдыз, – шат айғайлап шақырды.

Күн көзіне жылынған Жылдыз зауықсыз шынтақтап көтеріліңкіреп, бауырына сығырайтып қарады.

– Ұзақ уақыт жүрсің ғой, анда. Немене, Толқынмен бірге жасырын сөз байласып болдыңдар ма?

– Дәл уақытта келетін көшпендіні тауып көр. Жаяу барасың ба? Әлде құйрығымызды ұстап жүгіресің бе? Олай қайтсең де, қалай да кешігеміз.

– Мүмкін, барамын. Бәрібір сенің салт атты жүруден мен жақсырақ жаяу жүремін, – мысқылдап деді анда, түрегеліп.

Саткын жауап бергенше, ол ащы ысқырып жіберді. Оларға торы бие Бүркүт шауып келді. Адам мен жылқы, қуанып, бір-біріне қарсы келді.

– Сен оны қайдан тауып алдың? – аң-таң сұрады Саткын.

– Айтқан жоқпын ба саған? – оның қарауын түсініп, еске түсірді, создырды: – Ә-ә, шынында… Тауып алдым деп дұрыс айттың, анда. Бүркіт түлкі апанына түсіп, аяғын мертіктіріп алды. Сөйтіп таптым, емдедім. Енді міне, борышты төлеп тасып жүр мені. – Жылдыз балаша шаттықпен жылқы шоқтығын сипады.

– Сен емдей алмайсың, тек жарымжан етесің деп ойладым.

Жылдыз үлкен, аңның сияқты тістерін көрсетіп, ақкөңіл ыржиды. Бала шағында аң аулауда Саткын саусағын зақымдап алды. Қазір есіне түсіру күлкілі екен, ал анау кезде қарауға қорқынышты болды. Толкун көзін алақандармен жабып, қанына қара алмай, теріс қарады. Бейшара аңшының өзі, тасқа отырып та ауру саусағын ілгері көтеріп, өлімін елестеткен болды. Тек Жылдыз ғана сабырлы ерсілі-қарсылы жүріп, саусағын қалай ұстау керек білімді түрмен кеңестерін берген. Ақыр аяғында, шыдай алмады, өзі емдей бастады. Үйге оралудың орнына бірдеме шөптерді жинай, баса бастады… Жалпы айтқанда, кешке саусақ әбден ісіп кетті, ал Саткын бұдан андаға сондай нәрселерді сеніп тапсырған жоқ.

Жылдыз Бүркүттің арқасына зымырап, байтақ даланы оның толық билікті қожасыдай көз салып байқады.

– Есіңде ме, анда?.. Барлығы ана күндей.

Саткын үндемей басын изеді, оған жақынырақ келді. Күбө дариясы, аил жақында, жайылымдағы жылқылар кісінеп жүр, көкжиекте таңсәрі көрініп та жарықта ай ақырын сөніп тұр. Ант сөздері қазіргідей құлақта естіліп тұр: “бір жылқыны, бір тағдырды, бір қайғыны, бір жанды бөлуге – ант беремін”. Тек онда көктем болды, бір өзен болса да мекені басқа, жайлауда аттар мен биелердің арасында құлыншақтар ойнақ салып жүрген, дала құлпырды. Ал қазір күз – гүлдер нәзік бастарын иді, соңғы жылы күндерден қыстың иісі шығып тұр. Саткын да басқа. Қолда бұрын болмаған күші сезінеді, астында ат пысқыртып, тізгінді жұлып тұр, қылыш белбеуін ауырттады. Тамақ мен ойындардан маңыздылау қам пайда болды, анау бәрі қазіргі күндей қалады деп ойлаған жеңілдік жоқ енді жүректе. Өзгерістің ауруын білеп, оның алдында бой ұсынуы Саткынды анағұрлым кейінірек күтіп тұрды.

Анда да басқа. Саткын бұны есінде сақтау керек. Оның көңілді ашықтыққа, ойламай, жылқыны бергеніне қарамай… Жылдар өтті, оларды қайтара алмайсың. Барлығы кезі жеткенде өзгереді, ең жақын адамдар да ерекшелігі емес. Әсіресе анда сияқты.

Олар үндемей жолға шықты. Кенет анда айғайлап жіберді:

– Құлап түспей, салт жүре аласың ба әлі, көрейік! Шу!

Бүркүт, аяғын шапшынырақ басып, желіске көшті. Саткын атты осып жіберген кезде, бие желістен шоқыраққа салды. О шіркін, сөйтіп, қатты жүріп бара жатқаны қандай күшті! Манаптың елшісі бұны ұмытып кеткен сияқты. Оны жан-жаққа кездіріп жіберсе де, ойлары бәрібір одан да алыста. Ол Жылдызды жетіп ұстаған сияқты кезде анда кенет, мазақтап, қаттырақ жылдамданды. Ақыры астындағы аты ентігіп дем ала бастағанда Саткын тізгінді қысқартып ұстады. Чыныгы алғыспен тоқтап қалды да, шөпті жұлып, басын төмен салбыратты.

– Анда, тоқта! Болды, сен жеңдің!

Бұл уақыт бойы жүгіретін ат болды, ал Саткын одан ешбір кем емес шаршап кетті. Жымыңдап, Жылдыз тек қана тізесін мен дауысын қолданып, жылқыны бұрылды да қайтты.

Конец ознакомительного фрагмента.

Текст предоставлен ООО «ЛитРес».

Прочитайте эту книгу целиком, купив полную легальную версию на ЛитРес.

Безопасно оплатить книгу можно банковской картой Visa, MasterCard, Maestro, со счета мобильного телефона, с платежного терминала, в салоне МТС или Связной, через PayPal, WebMoney, Яндекс.Деньги, QIWI Кошелек, бонусными картами или другим удобным Вам способом.

Вы ознакомились с фрагментом книги.

Для бесплатного чтения открыта только часть текста.

Приобретайте полный текст книги у нашего партнера:

Полная версия книги