Бұл кітапқа әйгілі шайыр Мәулана Румидің хикаялары мен даналық ойлары аударылып берілген. Румидің кейбір хикаяларын әйгілі ақын Қадыр Мырза Әлі мен аудармашы Арғынбай Бекбосын қазақша өлеңмен өріп сөйлеткен екен. Хикаялардың соңында осы ақындардың өлеңдерін үлгі етіп бердік. Кітап шығыс даналығына қызығатын оқырмандарға арналады.
Бұл кітапта ғашықтық, құмарлық, еркіндік, жауапкершілік, махаббат феномендері экзистенция әдісімен талданған. Авторлар қазіргі қазақ қоғамындағы отбасы проблемасының түп негізін жан-жақты талдап көрсетеді. Жетпіс жыл большевиктік боданда болған қазақ жұртының санасына деколонизация жасауға тырысқан.
Бұл кітапта логотерапия және экзистенция анализі негізінде талданған. Одан бөлек психология ғылымдарының докторы, логотерапевт Элизабет Лукастың тәжірибелері молынан енгізілді. Оқушылармен жүргізілген сауалнама нәтижелері, автордың түрлі ситуациядағы оқиғалары мен сұхбаттары берілген. Бұл кітап баланың болмысы мен оның тәрбиесіне тереңінен үңілген барша ата-анаға арналады. Сонымен қатар оқушыларме…
Бұл кітап XX ғасырдың басындағы қазақ заңгерлері туралы. Мұнда олардың қысқаша өмірбаяны, қоғамда атқарған істері мен елдегі заң саласының дамуына қосқан үлесі баяндалады. Кітап заң саласында қызмет ететін мамандарға және XX ғасырдың басындағы қазақ интеллигенциясы тақырыбына қызығатын қалың көпшілікке арналады.
Бұл кітапта қазақ ойшылы Шәкәрім Құдайбердінің экзистенция бағытында жазылған сыр сөздері мен қарасөздері басылған. Кітап экзистенция бағытындағы әдебиеттерге қызығатын оқырманға арналады.
Кітапта 2022 жылдың қаңтарында болған саяси оқиғаға арнайы қатысқан немесе жай ғана куәгері бола тұра зардап шеккен жеті адамның тағдыры беріледі. Деректі хикаятта кейіпкерлердің сол күндері көрген-білген, бастан кешкен оқиғасы, қайғысы мен қасіреті баяндалады. Бұл кітап саяси немесе сараптамалық дүние емес. Кітап үлкен саяси оқиғалар кезіндегі қарапайым адамның тағдырына қызығатын қалың көпшілікк…
Құстар мәжілісі – парсы ақыны Фәруридин Әттардың «Мантик ат-таир» шығармасының қазақ тіліне жасалған алғашқы көркем аудармасы. Шығарма парсы және шығыс әдебиетіне, оның ішінде сопылық әдебиетке қызығатындарға, сондай-ақ рухани ізденісте жүрген көпшілікке арналады.
Бұл дәптер – «Отбасындағы 30 сабақ» оқулығының балаларға арналған жұмыс құралы. Мұнда оқулықта берілген 10 тапсырманың жаттығулары жазылды. Яғни логикалық есептер, ребус, кроссворд, лабиринт, айырмашылық табу, бояу, Шульте кестесі сияқты жаттығулар берілді. Балалар жаттығуларды орындау үшін осы дәптерді қарындашпен бояп, сызып, көп нүктелердің орнына тиісті сөздерді жаза алады. Жаттығу дәптері ата…
Бұл кітаптың ішінде балалардың таным-түсінігіне арналған ертегілер, шешендік сөздер, қара есептер, мысал өлеңдер, әңгімелер, тарихи аңыздар енген. Кітапты ата-ана мен бала бірге оқуы керек. Себебі кітаптың ішіндегі тапсырмалар ата-ана мен балаға ортақ. Кітап ата-анаға, балаларға, мұғалімдерге педагогикалық материал ретінде ұсынылады.
Бұл кітапта Әзірет Сұлтан – Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың «Диуани хикмет» кітабы қазақшаға аударылып беріліп отыр. Жалпы «Диуани хикметтің» бірнеше нұсқасы бар. Соның ішіндегі парсы тілінде жарық көрггн нұсқасына тәржіма жасалды. Кітаптағы сөйлемдерді мейлінше қаз қалпында беруге тырыстық. Сондықтан хикметтердің тілі ауыр, сөйлем құрлысы күрделі болуы мүмкін. Кітап Қожа Ахмет Яссауи мұрасына қызыға…
Бұл кітап этнопедагогика негізінде құрастырылған. Мұнда қазақтың салт-дәстүрі мен ырым-тыйымдарының шығуына себеп болған аңыздар мен қисса-дастандар жинақталды. Сонымен қатар отбасы хрестоматиясы, этнопедагогика ғылымына қызығатын мектеп оқушыларына, студенттерге және ізденуші ғалымдарға арнап жазылған.
Кітапта Санжар Керімбайдың логотерапия идеясында жазылған мақалалары жинақталған. Автор логотерапия ғылымындағы ауыр түсінік пен терминді қазақы формада тілге жеңіл етіп, қарапайым әңгіме жанрында түсіндірген. Франкл, Юнг сияқты психологтардың идеясын, негізгі ойын қарапайым түсінікте баяндайды. Кітап логотерапия ғылымына қызығатын оқырмандарға арналған.
Бұл кітапта Мұхамбет пайғамбардың қиссалары қазақ дүниетанымы бойынша баяндалған. Сонымен қатар пайғамбарға салауат айту хикаялары, жыраулардың пайғамбарға арнаулары, әулие-ғұламалардың пайғамбар туралы тебіреністері берілген. Кітапта фольклорлық жанрдан бөлек Батыстың академиялық зерттеу тәсілімен жазылған Мұхамбет пайғамбар мен Батыс әлеміндегі оған деген көзқарас жайлы аударма еңбек те орын алғ…
Кітапта Қожа Ахмет Яссауи жайлы тың қисса-аңыздар енгізілген. Хикметтері экзистенциялық формада жаңаша талданады. Ислам мен түркі мәдениетінің өзара синтезге түсіп, Түркі-Ислам өркениетінің қалыптасу жолдары баяндалады. Яссауи ілімі мен дүниетанымы жайлы толғанады. Тәуелсіз Қазақстанның 26 жылдағы әлеуметтік-рухани саласына экзистенциялық талдау жасалады. Кітап Яссауи дүниетанымына қызығушы оқырма…
Бұл кітап ертегі және аңыз жанрында құрастырылған. Мәлике деген Ұрым патшасы мың сұрақ қояды. Оған Әбілда есімді оқымысты жауап береді. Мың сұрақта аңыз, қисса, тәлім-тәрбие, шешендік сөздер, экзистенциялық ойлар қамтылған. Кітап этнопедагогика ғылымына қызығатын мектеп оқушыларына, студенттерге және ізденуші ғылымдарға арналады.