Книга Бақытты болуды үйреніңіз! 2 Бөлім - читать онлайн бесплатно, автор Нарша Булгакбаев. Cтраница 2
Бақытты болуды үйреніңіз! 2 Бөлім
Бақытты болуды үйреніңіз! 2 Бөлім
Оценить:

Рейтинг: 5

Бақытты болуды үйреніңіз! 2 Бөлім

Сәттілікке апарар жолдың басы

Өз ойыңызды байқау және тексеру — пайдалы дағды. Бірақ ішкі дауыс қателеспейтін кеңесші емес. Оның айтқанын дерекпен, құндылығыңызбен және ықтимал салдармен салыстырыңыз. Өзіңізді тану «Мен бәрін білемін» деген сенімнен емес, «Нені түсінбей жүрмін?» деген сұрақтан да басталады.

Сіз өмір бақи ішкі дауыс (ойларыңызды) тыңдап келдіңіз. Ішкі дауыс не айтса да, дәл сіз естуіңіз керек. Сіз оған көбірек сенуді үйреніп жатқанда, ол сізге қазіргі уақытта дұрыс шешім қабылдауға кеңес береді. Бірақ кеңесін бірден жүзеге асырмай, бірінші ақиқатын біліп алыңыз, себебі бұл эгоизмнің де даусы болуы мүмкін.

Сіздің өміріңіз сіз үшін де мен үшін де өте маңызды және бүкіл адамзат үшін маңызды болуы тиіс. Біздің әрқайсымыздың өмірге келгендегі өз миссиямыз (тапсырмамыз) бар деп сенемін. Интуицияңызды (түйсік, ішкі дауыс) тыңдаңыз — және ол сіздің, кім екеніңізді, мақсатыңыздың не екенін айтады.

2-тарау. Өзіңіз жайлы білмейтін шындық

Көп адам өзі жайлы шындықты білмейді не одан қашады. Егер сіз өз өміріңізді бақылауға (бақылау) алғыңыз келсе, алдымен сіз өзіңіздің кім екеніңізді түсінуіңіз керек. Өзіміздің «Мен» бейнесі (образ, концепциясы), яғни «өзіміз туралы ой-пікір» біздің өмірімізде шешуші рөл атқарады. Біздің барлық әрекеттеріміз, сезімдеріміз, ойларымыз және тіпті қабілеттеріміз осы «Мен бейнесіне» байланысты. Біз өзіміз ойлап тапқан рөлді ойнаймыз. Бірақ сіз бұл образға жабысқан кезде, ешқандай күш, ешқандай шешім және ерік-жігер сізге басқа немесе дұрыс адам болуға көмектеспейтінін білуіңіз керек, өйткені сіз әрқашан өзіңіз қалағандай (ақиқат қалағандай емес), өз сенім мен түсінік, өмірлік ұстанымымызға сәйкес әрекет етесіз (көбінесе ақиқатқа сай емес). Оны өзгерту, жақсарту үшін алдымен оның қалай қалыптасатынын түсіну керек.

Ерте жастан бастап біз өзіміз туралы ойларды жақсы немесе жаман, ақылды немесе ақымақ, сенімді немесе сенімсіз, батыл немесе қорқақ адам және т.б. деп бірнеше рет, жиі қайталаудың нәтижесінде, бұл негізсіз ойлар біртіндеп тұрақтап жалған сенімділікке айналды және «өзіңіз туралы ой-пікір» — «Мен» бейнесіне айналды. Ол бізге толық бақытты өмір сүруге мүмкіндік береді немесе қор болуға мәжбүр етеді. Біздің әрқайсымыз өзіміз туралы белгілі бір ой-пікірге иеміз, ол әрдайым ішкі дауыс арқылы «Мен…» деп басталады. Бұл ақыл-ой бейнесі қазіргі сізсіз және ол соңғы өлім сәтіне дейін маңызды. Тек шын мәнінде, бұл біздің шынайы «Мен» емес, керісінше, біз өзіміз туралы не ойлайтынымызды ғана білдіреді. Шынайы «Мен» (ақиқат пен жалғанға байланысты) ал «өзім туралы ой-пікір» (сенім, түсінік, ұстанымға байланысты).

Бұл «Мен», қалыптасқан ой-пікірлер немесе сенімдер шындық пен ақиқатқа мүлдем сәйкес келмеуі мүмкін, бірақ біз үшін өтірік шындыққа, жалған ақиқатқа айналады. Егер өтірік, жалған ақпарат бейсанада сақталса, біз оның дұрыс бұрыстығына күмән келтірмегеніміз, бірден қабылдай салғанымыз. Көп жағдайда біз ол ақпаратты қалай немесе қайдан алғанынымызды есімізге түсіре де алмаймыз. Біз ақиқатқа сай әрекет етеміз бе? Жалпы бізді қоршаған ақпарат дұрыс болмаса да, біз оған керісінше сенбеудің орнына сенеміз, «Құлдық сананың» салдарынан сенеміз.

Мәңгілік құпия

Адамның қадір-қасиетін мойындау үшін оны мінсіз немесе Жаратушының бір бөлшегі деп түсіндіру қажет емес. Мен үшін рухани өсу — жаратылған адам ретінде өз шектеуімді біле отырып, адалдыққа, мейірімге және жауапкершілікке ұмтылу. Ғылым адамның «жоғары Мені» Құдаймен біртұтас екенін дәлелдеді деуге болмайды.

Энергияның сақталу заңы физикалық жүйелерге қатысты. Ол жанның өлмейтінін немесе ақыретті ғылыми жолмен дәлелдемейді. Ақыретке сенім — діни дүниетанымның мәселесі; оны физикалық энергиямен теңестіру екі ұғымның да мағынасын бұрмалайды.

Бұл кітаптағы «жоғары Мен» тіркесін адамның ар-ожданға, құндылыққа және саналы таңдауға сүйенетін қырын бейнелейтін шартты атау ретінде түсініңіз. Ол жеке ғылыми құрылым немесе Жаратушының адамдағы бөлігі дегенді білдірмейді.

Сіздің шынайы кім екеніңіз амал-әрекетке байланысты емес

Кім екеніңіз (болмыс) және амал-әрекетіңіз бір нәрсе емес, бірдей емес. Өйткені амал-әрекет — салдары, ал кім екеніңіз — себебі. Сіздің Болмысыңыздың (ішкі жан-дүние) салдары амал-әрекет болып табылады. «Болу» мен «істеу, жасау, қимылдау» арасындағы айырмашылықты түсіну керек.

Адамның қадір-қасиеті денсаулығына немесе мінсіз әрекетіне байланысты емес. Қателікті мойындау мен өзіңізді құрметтеу қатар жүреді. «Мен қателестім, бірақ оны түсініп, түзетуге тырыса аламын» деген сөз өзіңізді тұтас жоққа шығармай, жауапкершілік алуға мүмкіндік береді.

Өзіңіз туралы жылы ой айтқанда, ішіңізден қарсылық тууы мүмкін. Бұл сізде міндетті түрде «жаман эго» бар дегенді білдірмейді. Кейде жаңа сөз бұрынғы тәжірибеге қайшы келеді. Асыра мадақтаудың орнына, сенуге болатын нақты тұжырымнан бастаңыз: «Маған қиын, бірақ бір қадамды байқап көруге болады».

Сіз өзіңізбен, ортамен қандай іс-әрекеттер жасадыңыз? Сіз осы уақытқа дейін жасап келген барлық амал-әрекеттеріңіз есіңізде ме? … жылы, айы, күні қандай күнә-қателік жасадыңыз? Бұл нонсенсті (мағынасыз сұрақтарды қоюды) өткізуді тоқтатыңыз!

Өткен әрекетіңіз сіздің бүкіл болмысыңызды толық сипаттамайды. Дегенмен оның салдарын мойындап, қажет болса түзету — жауапкершіліктің бөлігі.

Ар-ождан, қажеттілік, сезім және саналы таңдау адамның өмірінде өзара әсерлеседі. Оларды бірін «құдайлық», екіншісін «хайуани» деп кемсітетін сызбаға бөлу қажет емес.

Эго (нәпсі) сізді алдағысы келеді

Сіздің жаныңызды сақтау үшін, сіздің қазіргі қалыптасқан сенім деңгейін сақтау үшін, «эго» сізді алдауға тырысады. Егер сіз өзіңіз туралы бар шындық пен ақиқатты білсеңіз, өзіңіздің «Эгоизміңіз» зардап шегуі мүмкін. Дүниені қатты сүйетіндерге ақиқат ауыр келеді.

Эго (нәпсі) сізді өзіңіздің шынайы кім екеніңізге қарай емес, не істеп жатқаныңызға қарай баға беруге мәжбүр етеді. Ол сіздің әрекеттеріңіз бойынша, өзіңіз туралы кезінде қате шешім қабылдағаныңызды және өзіңіздің және басқа адамдардың үміттерін ақтамағаныңыз үшін өзіңізді кінәлі сезінгеніңізді қалайды. Сіздің эгоизміңіз сізді адастыруға тырысатындығын түсінуіңіз керек. Ішкі үйлесімді (гомеостаз) сақтау үшін, «Эгоға (нәпсіге)» мұндай мүмкіндік бермеу керек. Керісінше біз эгодан (нәпсіден) жоғары көтерілуіміз керек. Өзіңіздің миыңыздағы «Мен» суреті сіздің шынайы болмысыңыз емес. Өзіңіздің кемелдігіңізді растау осы тұзақтан шығуға көмектеседі. Бұл өзімшілдік емес. Өзімшілдік — мұны істемеу. Өмірді өзгертудің алғашқы және маңызды қадамы — өзіңіз туралы шындықты білу, жан мен тән арасында рухани тұтастық, татулық, бірлікті қалыптастыру, дүние мен ақырет арасында толық үйлесім (баланс) орнату және кемелді екеніңізді түсіну екенін ұмытпаңыз.

Эго (нәпсінің) дауысын қалай ақырын бәсеңдетуге болады?

Өзіңіз туралы жалған ойларды, сенім мен түсінікті жою үшін, сіз өзіңізді сөзсіз, ешқандай шартсыз жақсы көруіңіз керек. Өзіне деген сүйіспеншілік өзімшілдікке ұқсас емес, керісінше, ол эго-ның алдамшы дауысын өшіреді. Біздің болмыс бейсанамен анықталатынын, яғни біздің наным-сенімдеріміз іс жүзінде жүзеге асырылатындығын түсінуіміз керек.

1) Біз өмірімізде ақпараттарды саналы түрде ақылмен қабылдаймыз.

2) Біз оны Бейсанаға шындық деп жазамыз.

3) Өмір бақи сол қалыптасқан шындыққа сеніп өмір сүреміз.

Өзіңізді және өзгені қабылдау — бәрін мінсіз деп санау емес. Бұл адамның қадір-қасиетін мойындай отырып, оның әрекетін бөлек бағалау. Қате әрекетке шекара қою мен адамды кемсітпеу қатар жүреді.

Сіз өзіңізді өзіңіз жасадыңыз

Сіз өзіңізді өзіңіз жасағаныңызды түсінесіз бе? Сіз өмір туралы барлық мінез-құлық, қарым-қатынас стилі (өзінше слэнг қолданып) жүріс-тұрыс, бет-әлпет, ым-ишара, тіпті ойлау тәсілі мен байланған идеялар, стереотип, тренд, мода, хайп — негізінен сіз осының бәрін еліктеу арқылы біреуден жұқтырдыңыз не қиялдау арқылы өзіңіз ойлап таптыңыз. Рөл (идеал) үлгіснде ата-аналар немесе отбасының басқа мүшелері, сүйікті мұғалім, дос, кітаптан немесе фильмнен шыққан кейіпкер болуы мүмкін. Сіз тіпті ұнатпаған адамнан да мінез-құлық үлгілерін, белгілерін қабылдай ала аласыз. Мүмкін, сіз оларға бейсаналы түрде, еріксіз еліктеген боларсыз. Бос еліктеушілікке алданбаңыз. Саналы ерікті түрде еліктейтін игі жақсыларды табыңыз, оларды тыңдаңыз, ең бастысы оқыңыз.

Өзіңізді қабылдаңыз

Өзіңіз жасаған адамға, өзіңізге мұқият қараңыз. Мүмкін, әлі күнге дейін сіз өзіңізге ұнаймайтын шығарсыз, әлі өзіңізді толық түсінбеген шығарсыз, мүмкін өмірдің жалған қызықтарына алданып жүрген шығарсыз? Мүмкін өміріңіз еліктеушілікпен өтіп жатқан шығар? Бұған қатты мән беру керек.

Жеке тұлғаны таңдаулы ерекшеліктермен қалыптастыру мүмкін емес екенін түсініңіз. Біз бәріміз бір-бірімізге ұқсаймыз, өйткені біздің адамға тән қасиеттеріміз ортақ. Сондықтан ақиқат пен өмір заңдылықтары, болмыс барлық адам үшін бірдей, дегенмен адамдар әртүрлі. Сіздің мінезіңіз басқа біреуден алынған болса да, сіз әлі де жалған емессіз. Сіз шынсыз, өйткені жеке бөлшектерді бір композицияға жинауға болады. Октавада тек сегіз нота бар екенін ұмытпаңыз, дегенмен олардан жүздеген мың әдемі және ерекше әуендер шығады. Мұның себебі олардың үйлесімінде.

Сіз басқа адамдардан қандай да бір ерекшеліктерді қабылдағаныңыз, сізді ерекше етпейді. Ең бастысы, сіз өзіңізді жасағаннан кейін, қалыптасып қойғаннан кейін, сіз кез келген уақытта өзіңізді өзгерте аласыз. Бұл процесс шексіз жалғасуы мүмкін. Егер сіз кенеттен өзіңіз ойлағаныңыздай емес екеніңізді байқасаңыз, бұл проблема емес. Керісінше, мұны түсіну проблеманы шешудің алғашқы қадамы болып табылады. Өміріңізді өзгерту және одан ауырсыну мен ыңғайсыздықты тудыратын барлық нәрсені жою үшін алдымен өзіңіздің қандай да бір шындығыңызды қабылдамау немесе жоққа шығарудың пайдасыз және мағынасыз екенін нақты түсінуіңіз керек. Өзін-өзі ұнатпаудың себебі — біздің «Идеалды Мен» туралы ойларымыз. Бұл ойды қалыптастыратын — туыстар, замандастар, достар, дін немесе үкімет, интернет немесе әлеуметтік желілер және жалпы қоғамның пікірі.

Бостандық өзін-өзі қабылдаудан басталады

Өз эгомыздың желісінде бола отырып, біз өзімізді қабілетсіздікке, сенімсіздікке, ақымақтыққа (надандыққа) және басқа да кемшіліктерге сендіреміз. Бұл өзіне-өзі баға берудің төмендігі, өзін кінәлі сезіну немесе өзін-өзі қамтамасыз ете алмау, өзіне-өзі жеткіліксіз болудың салдарынан.

Өзіңізді қабылдау қиындықты өзіңізді кемсітпей байқауға көмектеседі. Бұл әрбір әрекетіңізді мақұлдау деген сөз емес. Өзіңізге қамқорлық пен өзгеге деген сүйіспеншілік қатар дами алады. Жақын қарым-қатынас құру үшін алдымен өзіңізге толық риза болу міндетті емес.

Өзіңізді қабылдау, кешірім және өзгеріс өзара байланысты болуы мүмкін, бірақ оларды міндетті теңдікке айналдыруға болмайды.

Өзін бағалау адамның жетістік пен сәтсіздікті қалай қабылдайтынына әсер етеді. Бірақ ол өмірдегі барлық нәтижені түсіндірмейді. Мәселені талдағанда өз шешіміңізді де, сол шешім қабылданған жағдайды да ескеріңіз.

Бәріне ұнау мүмкін емес. Бірақ бұл сіз ешкімге керек емессіз дегенді білдірмейді. Жақындардың қолдауы мен өзіңізге қамқорлық бірін-бірі толықтыра алады. Біреу таңдауыңызды құптамаса да, өзіңізге деген құрметті сақтауға тырысыңыз.

Сізді түсінбегендер туралы ойланып көріңізші, олар сіздің ұмтылысыңызды мақұлдаған жоқ, себебі сіз бәріне бірдей ұнай алмайсыз, сондықтан өзіңізге ұнайтынды және өзіңізді өзіңіз сияқты жақсы көруді үйреніңіз.

Өзіңізді сәтсіздіктермен бірдеймін деп санамаңыз

Сәтсіздік нақты әрекеттің нәтижесін сипаттайды, бүкіл тұлғаңыздың құнын емес. Не шыққанын, не шықпағанын және нені өзгертуге болатынын талдаңыз. Өзін құрметтеу жауапкершілікті жоймайды, осы талдауды өзіңізді қорламай жүргізуге көмектеседі.

Өзіңізді қандай да бір әрекеттер немесе әрекетсіздік үшін айыптап, өзіңізді күйзеліске ұшыратасыз. Өз-өзін сәтсіздікке ұшыратудың жолы бөлек, өз-өзінің қабілетін ашудың жолы бөлек. Мынаны түсініңіз, біздің барлық қиналғанымыз, бақытсыздығымыз және айналамыздағы өмірге деген ашушаңдық, өзінің немесе басқа адамдардың үміттеріне сәйкес келмегендіктен, ақтай алмағандықтан өз-өзінен көңілі қалғандықтан болады.

Өзін — өзі бұзатын мінез-құлыққа бейім адамдар аз емес, мұндай мінез-құлықтың басты себебі — өзін-өзі жек көру сезімі. Бұл жеккөрушілік олардың біреудің үмітін ақтамағанын түсінуден туындайды. Біздің көпшілігіміз өзімізді, өзгені сыртқы формаға және қол жеткізген нәтижеге қарай бағалаймыз. Біз сәтсіздікке ұшырағаннан кейін өзімізді ғана емес, басқаларды да сәтсіздікке ұшырататын сияқты көрінеді. Ата-аналардың, жұмыс берушілердің, діни тәлімгерлердің, достардың, жақындардың үміттерін ақтай алмай, біз өзімізді «пайдам жоқ», «керегім жоқ» қорытындыға келеміз. Себебі олар бізге солай айтады: «Сенің түк пайдаң жоқ», «Сенің бәрібір керегің жоқ».

Бұл өзін-өзі не басқаны сынау деп аталады. Сыни ойлау, өзіңізді сынға алу — бұл өзіңіз туралы жаман ойлау. Өзіңізді айыптай отырып, сіз жағымсыз эмоцияларды сезінесіз. Өзін-өзі сынау адамның өзіне-өзі әділ баға беруін жояды. Ол адамға оң, жағымды, позитивті ештеңе бермейді, оның салдары толығымен жойқын. Біздің әрқайсымыз, әрине, біраз әрекеттер жасаймыз, кейіннен өкініп қаламыз, бірақ бір сәттері біз өкінуді тоқтатып, әрі қарай өмір сүруді жалғастырамыз. Бұл бізге өмір үйреткен сабақ.

Егер сіз өзіңізге қарсы болсаңыз, сіз біреу үшін болыса алмайсыз. Ал басқаларға қарсы болу-өзіңе қарсы болу. Эзотериктер ғана емес, психологтар да келіседі. Сындар көбінесе жалған, орынсыз, не айтып не қойғанын білмейтін, ақиқатқа сай келмейтін болып келеді. Ондай сындар адамның жан жарығын өшіреді. Біреудің даралығын басу және біреудің өміршеңдігін бұзу өзін-өзі бұзатын мінез-құлықтың ең нашар көрінісі болып табылады.

Өкпе-реніш туралы ұмытыңыз

Кешіруге мәжбүрлеуге болмайды. Ол жеке таңдау болуы мүмкін, бірақ сауығудың немесе бақытты болуға құқықтың шарты емес. Кешіре алмасаңыз немесе кешіргіңіз келмесе де, ауырсынуды мойындап, өзіңізді қорғап, біртіндеп қалпыңызға келе аласыз.

Адамдарды ренжіту арқылы бақытты болу мүмкін емес екенін біліңіз. Психикалық тәжірибе физикалық күйде көрінеді. Сіз біреуге ашуланып болмайынша қалпыңызға келмейсіз, адам ашуланған кезде ес жоғалтады. Жалпы теріс, негативті, жағымсыз эмоциялар иммунитетті төмендетеді. Есіңізде болсын: кімді ренжітсеңіз де, сіз өзіңізді ренжітесіз, өйткені біз бәріміз біргеміз. Барлығы байланысқан ортада өмір сүреміз. Жағымсыз, негативті сезімдердің орнына жағымды, позитивті сезімдерге алмастыруды үйреніңіз.

Көптеген философиялық және діни тезистер бір нәрсе әрқашан басқа нәрсеге қарағанда жақсырақ деген тұжырымға негізделген. «А» әрқашан «В» — дан гөрі жақсы. Мұндайға жол бермеңіз, себебі бұл тор. Басқалар сіз үшін «дұрыс» деп санайтын нәрсені ұмытыңыз. Есіңізде болсын, сіз жалпы «Шексіз Күш-Қуат» көзімен әрқашан байланыстасыз, олай болса сіз өзіңіз үшін не жақсы екенін өзіңізден артық ешкім білмейді.

Барлығына ұнауға деген ұмтылыс — бұл психологиялық өлім

Бұл оқиға шамамен 700 жыл бұрын болған. Ұлы ұстаз, көпті көрген, ысылған тәжірибелі, бедел-даңқымен құрметті болған екен. Одан шәкірттері мен адал ізбасарларі одан «өлімнен қорқасыз ба?» деп сұрады. «Ия, — деп жауап берді, Бірақ мен өлімнің өзінен емес, «жаратушымен кездесуден қорқамын» деді.

«Бұл қалай сонда? — деді олар. Сіз бар өміріңізді діни ғылымға арнап, „Жаннатқа лайықты“ болатындай өмір сүрдіңіз. Сіз Мұса халқын құлдықтан босатқан сияқты бізді де надандықтан, қараңғылықтан, жарыққа шығардыңыз. Сіз Сүлейменнің даналығымен арамыздағы дауларды шештіңіз».

Бұл сөздерді естіген ұстазы ақырын ғана жауап берді: «Мен Жаратушының алдында тұрғанда, ол мені Мұса немесе Сүлейменге ұқсағаным туралы сұрамайды. Ол менен Сен өз тағдырыңа риза болдың ба?» деп сұрайды. Ал мен өз тағдырыма жеткілікті деңгейде разы болған емеспін, сондықтан қорқамын.» деген екен.

Көріп отырғаныңыздай, ақылды адамдар ежелден бері өзі болуға, разы болуға тырысқан. Неге кей адамдар әлі күнге дейін өзі бола алмай, разы бола алмай жүр? Себебі олар бәріне бірдей ұнауға тырысады. Адамның көңілін табамын деп ешқашан ойламай-ақ қойыңыз. Адамның бәріне бірдей ұнау мүмкін емес. Ұнаймын деп адам әртіс болады, маска тағады. Бастығына, күйеуіне емесе әйеліне, ата-анасына, балаларына ұнаймын деп артынан «қадірімді білмеді» деп әңгіме айтады.

Біз тек өзімізге жауап береміз. Сондықтан басқалардың пікірі немесе мақұлдауы (поощрение) маңызды болмауы керек. Сіз өзіңіздің өміріңіз үшін жауап бересіз. Сіз өз әрекеттеріңіздің нәтижелері мен өміріңіздің мән-жайы үшін жауап бересіз.

Әр түрлі жалған құндылықтар мен неше түрлі ақиқаттан алыс қате сенім мен түсініктің кесірінен, отбасылар айырылысып, ажырасып, рухани біріге алмай жатады, кей отбасылар жойылып кетіп жатыр. Олардың өмір салтының дұрыс болмауы, бүкіл өмірі бұрыс ойларға негізделгенін дәлелдейді. Қарама-қарсы сенімдер соқтығысқан кезде күрес басталады. Бірақ ақиқаттың мәнін білгендерге басқалардың сенімі қауіп төндірмейді. Тек өзіне күмәнданған және өзінің шынайы «Мен» туралы білмейтін адамдара ғана қауіп пен қорқыныш бар.

Сіз өзіңізге қалай қарайсыз?

Сіз өзіңізді көресіз бе, (ішкі көзқарас/сыртқы көзқарас) тыңдайсыз ба (ішкі дауыс/сыртқы дауыс)? Көп адам өзін көрмейді, естімейді. Айтыңызшы, сіз өзіңізді жақсы көресіз бе? Сіз өзіңізге сенім артасыз ба? Сіз берілген уәделерді орындайсыз ба? Сіз өзіңізді жақсы адаммын деп санайсыз ба? Сіз күнделікті өмірде өзіңізбен адал қарым-қатынастасыз ба әлде өзіңіздің шынайы табиғатыңызды жасыратын адам болып көрінесіз бе? Сіздің адал достарыңыз бар ма, сатып кеткендері болды ма?

Мойындаңыз, сіз сатқындармен, «жаман» деп санайтындармен қарым-қатынасты сақтағыңыз келмейді. Өзіңізге деген көзқарас туралы ойланыңыз. Бұл өте маңызды болып табылады. Көбінесе біз бәреуге емес өзімізге сатқын, жау болғандықтан нашар әрекет етеміз, әретеміздің берекесі жоқ. Біз жанымызға (ішімізге) қарауға қорқамыз, ол жерде көргендеріміз бізге мүлдем ұнамауы мүмкін деп күдіктенеміз. Адамдардан өзін білгісі келеді, бірақ шындықтан қорқады, оны өзгертуден, жақсартудан вообще қорқады. Адамның ойлағысы келмейтіні де содан. Өзінің ішінде қандай құбыжықтар жүргенін білмейді. Сіз өзіңіз туралы шындық қорқыныш тудырмайтынын нақты түсінуіңіз керек. Бұл өмірде қорқатын еш нарсе жоқ. Тек Құдайдан ғана қорқыңыз. Басқа адамдарды сыйлаңыз, құрметтеңіз. Қаншалықты сіз ойлап тапқан қорқыныш қорқынышты болса да, Құдайдан басқаның бәрі әлсіз. Шайтан сізді қорқыта немесе ренжіте алмайды, бірақ азғыра алады. Қорқыныш себебі — адамдардың ақиқатты қабылдамауы және оны дұрыс түсінбеуі.

Өзіңізді түсінудің алғашқы қадамы

Ең қиын жұмыс — өзіңді зерттеу. Өзіңізді дәл қазірден зерттеуді бастаңыз, бұл сізге тек пайда әкеледі. Өз қорқыныштарыңызды түсініп, олардан арыласыз. Басқалардан жақсырақ немесе артағырақ болу туралы ойламаңыз. Себебі салыстыру деструкция. Өзіңізді өзіңіз сияқты және өзіңіз қалағандай білуге тырысыңыз.

Жартылай салынған үйді толық аяқтамай жатып кілт тапсыру ақымақтық. Сіз қанша жерден бақытты, бай, шетелде қыдырып жүрсеңіз де, сіз әлі жартылай адамсыз, сізге толық үйді соғып бітуге қосымша жұмыс қажет екенін мойындаңыз. Жартылай шала піскен адамдар толып жүр, бірақ өзін өте ақылды санайды. Өзіңізге олай қарамаңыз. Қазір қандай күйде болсаңыз да, өзіңізге әлі де жұмыс істеу керек екенін түсініңіз. Шыдамды болыңыз, ниетіңізде берік болыңыз, дұрыс шешім қабылдай білуді шынықтырыңыз. Өз қадір-қасиетіне жету, оны сезіну — бұл жеке сезім, бөтен емес. Өзіңізді басқалардың көзқарасы бойынша бағалай отырып, сіз ешқашан өзіңізді жақсы көре алмайсыз. Сіздің өз-өзіңізді түсінбеуіңізге ешкім кінәлі емес, бәрі өзіңізден. Егер сіз өз шынайы бағаңызды білсеңіз, онда сіз барлық адамдардың бағасын, қадір-қасиетін, құнын білесіз. «Шын Ақылды» адам өзін толық біледі. Ол өзінің шынайы өмірге не үшін келгендегі мәнін біледі, барлық адамдар туралы шындықты білмесе де, ақиқат пен өмір заңдылықтарын біледі және соған сай өмір сүреді. Бәрінің өмірге келгендегі мәні бірдей — үлгеру.

Өзіңізді өзіңіз сияқты біліңіз, содан кейін сіз басқаларды олар сияқты білетін боласыз. Өз әлсіздігіңізді ашудан ешқашан қорықпаңыз. Әлсіздікті ең бай, танымал адамдар да бар. Оны анықтау — өзіңізді танудағы алғашқы қадам. Есіңізде болсын: өзіңіз туралы не білсеңіз де, білген әрқашан білмеуден жақсы. Шындық қаншалықты ащы немесе күтпеген болса да, ол әрқашан конструктивті.

Сізге әрдайым жаңа білім қажет. Мен білімнің шегіне жеттім дейтіндер ақымақтық. Өткенннен бас тарту керек деген кезде сеніміңізге қайшы келуі мүмкін. Бірақ ақылды адам әрқашан гауһар үшін көмір кесегін құрбан етуге дайын. Қымбат нәрсені арзан нәрсеге айырбастамаңыз. Бұл қадамды жасауда батылдық танытыңыз, сонда сіз өзін-өзі жетілдіру жолына түсесіз. Өз өмірін өзгерту үшін, ешкімнен де рұқсат сұраудың керегі жоқ. Артық сұрақтар қоймаңыз, сізге таңдау жасау, шешім қабылдау, жоспар құру, әрекет ету жетіп жатыр. Сіз бұл өмірден жанның рухани азығын іздеп табу үшін жеке бостандыққа қол жеткізуіңіз қажет. Ал еркіндік пен бостандықты тек ақиқат бере алады. Міне осы шынайы тәуелсіздік, өзіңді дұрыс түсіну.

Сіз неден бас тартып жүрсіз

Өзіңдің неден бас тартып жүргненіңіз жайлы ойланыңыз. Егер сіз өзіңіз туралы шындықты біліп, дұрыс өмір сүруді шынымен шешсеңіз, көптеген адамдар оны ұнатпауы мүмкін, өйткені олар өзінен асып кетуі мүмкін адамнан қорқады. Сіз басқалар кедей өмір сүретіндіктен байлықтан бас тартасыз ба? Сіз миллиондаған адамдар емделмейтін аурулардан зардап шегетіндіктен денсаулығыңыздан бас тартасыз ба? Әрине жоқ, бірақ сіз шын бақытты болудан бас тартасыз, себебі сіздің эгоизміңіз бұл кітапты қабылдағысы келмейді. Өзіңізден бас тартқан нәрсені мұқият ойлаңыз және бір нәрсені қалау «жаман» екенін мәңгі ұмытыңыз. Бір нәрсені қалау күнә емес, ақиқатты қаламау қателік.

Өзін тану жолында қателесу мүмкін. Бірақ қателік сіздің бүкіл тұлғаңызды сипаттамайды. Өз әрекетіңізді байқау, үйрену және өзіңізді құрметтеу маңызды. Адамның қадір-қасиеті өзін қателеспейтін тұлға санауды немесе Жаратушымен теңестіруді талап етпейді.

Сіз спектакльдің (өмір атты ойын) және актерлердің (адамдардың) жалған сенімдерін қабылдауға міндетті емессіз. Орта, тағдыр ұсынған рөлді ойнауға да міндетті емессіз. Сіз өз өміріңіздегі рөлді өзіңіз қалыптастыруыңыз керек, дәл өзіңіз армандағандай. Өмір атты ойыннан, ортаның «Құлдық Санасынан» шығыңыз.

Өмір бұл кемені басқару сияқты рульде сіздің орныңызды басқа біреу болмауы керек. Сондықтан орта мен дүниеге, жалған діни түсінікке алданып, арман, мақсаттарыңыздан бас тартпаңыз. Есіңізде болсын: сәтсіздіктің бәрі уақытша.

Жалғыз билік — сіз өзіңіз

Әр адам — бір мемлекет, әр мемлекеттің билік басында патшасы болады, өз өміріңізде, биліктің басындағы патша тек өзіңізден басқа ешкім емес. Сондықтан абырой, бедел, мәртебе — бәрі өзіңіздің ішіңізде (миыңызда).

Бұрынғы сенімдерді сыни тұрғыдан қайта бағалап, өміріңізді адал түрде қайта қарастыра отырып, бір сәтте сіз өзіңіз үшін жалғыз патша бола алатындығыңызды түсінесіз. Әдетте біз сыртқы жақтан кеңес күтеміз, бірақ іс жүзінде біз не істеу керектігін тек өзіміз білеміз, бірақ бұл басқалардан үйренбеу керек деген сөз емес.

Зейінді, білімді адам да алдануы мүмкін. Алдау үшін жауапкершілік алдаған адамға тиесілі. Тәуекелді азайту үшін ақпаратты тексеріңіз, қысыммен шешім қабылдауға асықпаңыз және күмәнді ұсынысты сенімді адаммен талқылаңыз.

Неліктен шындықты өзгерткіңіз келеді?

Өзгелерді өз қателіктеріне кінәлау оңай, бірақ мұндай ойлау арқылы біз өзіміздің қолдарымыз бен аяқтарымызды шынжырмен байлаймыз, өйткені біз өз еркімізге шек қоямыз. Тағы бір рет қайталаймын: дұрыс ойлау дегеніміз — бізде не істеп жатқанымыз бен кім екеніміздің арасындағы айырмашылықты түсінуді білдіреді, яғни іс-әрекетті орындаушыдан бөлу. Себеп орындаушыда оның салдары амал-әрекеттер. Қайық (орындаушы) суда («күнә» амалдар) болуы керек, ал қайықтың ішінде су болмауы керек. Әйтпесе сіз батасыз, тұншығасыз. Қайық аударылып түсуі да мімкін, себебі қатты толқындар (зұлымдығын таратушы залымдар) бар, олардан да абай болу керек.

Көбінесе біз өзіміз жасайтын жағдайлардың тұңғиығына түсеміз. Бұрыс әрекет жасаймыз, жасай береміз және ақыры қайық батады. Бұл адам дүниеден жеңілді деген сөз. Ақиқатты өзгерту мүмкін емес. Бірақ шындықты әлі де өзгертуге болады. Негізі дұрыс тізбек қалай болу керек еді — дұрыс қабылдау, дұрыс ойлау, дұрыс амал-әрекет жасау, тура жолда өзіңіді алып жүру.

Өзара көмек — қарым-қатынастың табиғи бөлігі. Ешкім сіздің орныңызға өмір сүре алмайды, бірақ басқа адамдар қолдап, білімін бөлісіп, әрекет етуге көмектесе алады. Дербестікті сақтап, өзгенің шекарасын құрметтей отырып көмек сұрауға болады.